Қоғам

Алматы әуежайындағы жаңа терминал алғашқы жолаушыларын қабылдады

Алматы қаласы әкімдігі

Жолаушыларды Алматы халықаралық әуежайының басшылығы, Алматы қаласының әкімдігі және Air Astana әуе компаниясының басшылығы қарсы алды

Алматы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады, деп жазады turkystan.kz.

Жаңа халықаралық терминалға келген алғашқы рейс - Air Astana әуекомпаниясының KC664 Лондон-Алматы бағытындағы ұшағы. Сағат 08:40-та 94 жолаушы келді.

Ал 9:30-да жаңа терминалдан алғашқы болып Алматы-Доха бағыты бойынша Air Astana әуекомпаниясының KC653 рейсі 166 жолаушымен ұшып кетті.

Жолаушыларды Алматы халықаралық әуежайының басшылығы, Алматы қаласының әкімдігі және Air Astana әуе компаниясының басшылығы қарсы алды.