Жаһан

Қытайда 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Ашық дереккөз

Әзірге зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы ақпарат түскен жоқ

Сизан автономиялық ауданындағы (Оңтүстік-Батыс Қытай) Нагчу қаласында - Ньима округінде магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығы хабарлады. Жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 34,14 градусы мен шығыс бойлықтың 86,36 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 8 км тереңдікте жатқан.

Жер сілкінісінің ошағы Ньима округінен 275 шақырым және Лхаса автономиялық аймағының әкімшілік орталығынан 672 шақырым жерде - елсіз аймақта орналасқандықтан, Ньима округінің орталығында айтарлықтай жер асты дүмпулері сезілмеді.