Алматы облысында қоғамдық көлік өртеніп кетті
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Алматы облысының Байсерке ауылында қоғамдық көлік өртке оранды, деп жазады turkystan.kz.
Өрт сөндірушілер жолаушылар автобусындағы өртті сөндірді.
Алматы облысы Байсерке ауылында қоғамдық көліктің жануы орын алды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Жолда көлігіңіз өртеніп бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз, — делінген ТЖМ хабарламасында.