Қоғам

«Көлік те, адам да тозады»: Әнші Әбдіжаппар Әлқожаға достары тосын сый жасады

Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

31 мамыр - әнші Әбдіжаппар Әлқожаның туған күні.

Өнер иесінің туған күніне орай дос-жарандары күтпеген сыйлық жасады. Қуанышты сәт таспаланған видеоны әншінің әпкесі Роза Әлқожа әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сен адамдардың туған күнінде қажылыққа жолдама, көлік, телефон сияқты үлкен заттар сыйлайсың. Сондықтан саған не сыйларымызды білмей сасқалақтап жүрсек, достарың ұйымдасып аяқ астынан туған күнге шақырды. Одан бәрі жиналып, аңға мінетін көлік сыйлап жатыр. Не деген адалдық?! Кісі қызығарлықтай, адам сүйсінерліктей. Ұзағынан болсын! Жасың құтты жас болсын! Алла ғасыр жасауға нәсіп етсін!Мақтанатын, марқаятын сәтіңде осы достарың бірге бөлісе берсін, алыстамасын! Ғаламның бар ғажабын тілеймін! Сіздер де тілек арнап қойыңыздар! Көлік те, адам да тозады, қартаймайтын көңіл ғана!», - деп жазды Роза Әлқожа.