Спорт

Қазақстандық спортшылар гір көтеруден Азия чемпионатында 34 алтын алды

Гір спорты және армрестлинг федерациясы

Чемпионатқа 16 елден 400-ге тарта спортшы қатысқан.

Қазақстандық спортшылар Тайбэй қаласында өткен гір тасын көтеруден Азия чемпионатында 63 медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 34 алтын, 25 күміс және 4 қола медаль иеленіп, командалық есепте екінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, чемпионатқа 16 елден 400-ге тарта спортшы қатысқан.