Жаңалықтар

Биыл жас ғалымдарға 200 пәтер берілетін болды – Қасым-Жомарт Тоқаев

akorda.kz

Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ғалымдармен өткен кездесуде биыл 200 жас ғалымға пәтер кілті табысталатынын айтып өтті. 

«Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл – құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді. Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады», – дейді Мемлекет басшысы.