Жаңалықтар

ШҚО-да көлік каналға құлап, жүргізуші қаза тапты

ТЖМ баспасөз қызметі

Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік Төре Тоған каналына түсіп кетті.

Шығыс Қазақстан облысында көлік каналға түсіп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Күршім ауылынан 5 км қашықтықта жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік Төре Тоған каналына түсіп кетті.

«Жер-2024» оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішіндегі өмір белгілері жоқ жүргізушіні алып шықты», - делінген ТЖМ хабарламасында.