Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

ҚФФ

Жаңа бапкердің кім болатыны келесі аптада белгілі болады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев қызметінен кетті, деп хабарлайды turkystan.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

"Бас бапкер Магомед Әдиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті.

ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды", – делінген хабарламада.