Ақтөбеде жылқы шаруашылығы институты құрылады
Ақтөбе селекциясының сұрыптары Қазақстанның басқа облыстарында және Ресейдің шекаралас аймақтарында да қолданылады.
Ақтөбе ауыл шаруашылығы стансасының базасында жылқы шаруашылығы институты құрылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин жергілікті ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасына (АШТС) барды.
Бүгінде бұл Ақтөбе облысының аграрийлері үшін дәнді, жарма, майлы және жемшөп дақылдарының элиталық және бірегей тұқымдарын өндіруге рұқсаты бар аймақтағы жалғыз аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемесі. Ақтөбе селекциясының сұрыптары Қазақстанның басқа облыстарында және Ресейдің шекаралас аймақтарында да қолданылады.