Қоғам

Ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды

Фото: әлеуметтік желі

Ол аталған университетте 22 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Серікзат Дүйсенғазы еңбек жолын 2002 жылы Еуразия ұлттық университетінде қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының меңгерушісі болған.