Түркістан облысында суға батып кеткен баланың денесі табылды

30 мамыр, 2024 / Меруерт Сағымхан
istockphoto.com
Өлімнің себебі - тыйым салынған жерде шомылу.

Түркістан облысының құтқарушылары суға батып кеткен баланың денесін тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

2007 жылы туған баланың денесі Төлеби ауданының Оңтүстік ауылындағы Балдыберек өзенінен табылды.

Өлімнің себебі - тыйым салынған жерде шомылу болды.

ТЖМ ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды бақылауға шақырады. Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіреді.

Тэгтер:

Түркістан облысы баланың денесі суға шомылу