Қазақстандық екі төреші Париж Олимпиадасында қазылық етеді
Күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.
Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Olympic.kz сайтының мәліметінше, Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар - Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.
Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен болатын.
Айта кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.