Жаңалықтар

Актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

Бұл жайында әртістің жақындары оның әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Ресейлік актриса, тележүргізуші Анастасия Заворотнюк қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандықтарға «Моя прекрасная няня» сериалы арқылы танымал болған актриса 53 жасында көз жұмды.

 Бұл жайында әртістің жақындары оның әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Құрметті достар! Бұл жағдайды түсіп, дұрыс сөз табудың өзі өте қиын. Бүгін түнде ұзаққа созылған ауыр науқастан Настяның өмірі үзілді. Оған шын жүректен жақсылық тілеп, сауығып кетуіне тілектес болған, жылы сөзін аямаған әрқайсыңызға алғыс білдіреміз. Настя сіздердің қолдауыңызды әрқашан сезініп, бағалай білді. Қоштасу орны мен уақытын кешке хабарлаймыз», - делінген актрисаның Instagram парақшасында.