2016 жылы Қытайда 2 мыңнан астам адам жемқорлық бойынша істі болған

2016 жылы Қытайда 2 мыңнан астам адам жемқорлық бойынша істі болған

2016 жылы Қытайда 2 мыңнан астам адам жемқорлық бойынша істі болған
ашық дереккөзі
2016 жылы Қытайдың Жоғарғы халықтық прокуратурасы қызмет бабында қылмысқа барды деген күдікпен 47 650 адамға қатысты тексеру жүргізген, – деп хабарлайды 24.kz арнасы Қытайдың Жоғары халықтық сот төрағасы Чжоу Цянға сілтеме жасай отырып. Соңғы уақытта Қытайда экономикалық қылмыстардың әшкереленуі жиілеп, лауазымды қызметтегі шенеуніктердің өзі сотты болып жатыр. Сондықтан, елдің сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі әрекеті соңғы жылдан бері әлем ақпарат құралдарының назарында. Өткен жылы Қытайда 2 мың 862 адам жемқорлық бойынша істі болған екен. Олардың қатарында түрлі дәрежедегі 48 жоғары лауазымды шенді азаматтар болған. Сот сыбайлас жемқорлық және бюджет қаржысын негізсіз шашқандар арасында қылмысы әшкереленген шенеуніктердің шеніне қарамастан елдегі заңға сәйкес үкім шығарды. ҚХР Жоғарғы халықтық сот төрағасы Чжоу Цянның мәлімдеуінше, қызмет бабында ауыр қылмысқа барғандар қатарында Қытайдың орталық әскери соты төрағасының бұрынғы орынбасары Го Босюн, Халықтық саяси консультативтік кеңестің Бүкілқытайлық комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарлары Лин Цзихуа мен Су Жун сынды жоғары лауазымды тұлғалар да заңға сәйкес жазаланды. «Ал, Цинхай және Юньнань провинцияларындағы партиялық комитеттің бұрынғы басшысы Бай Эньпэя жемқорлық әрекеті және қайдан келгені белгісіз үлкен көлемді мүлікке иелік еткені үшін сот тәжірибесінде алғаш рет «өмір бойы бас бостандығынан айыру» жазасына кесілді», – дейді Жоғарғы халықтық сот төрағасы. 2016 жылы Қытайдың барлық деңгейдегі соттары сыбайлас жемқорлыққа қатысты 45 мың іс қараса, 63 мың адамның заң бұзғаны дәлелденген. Тіпті, пара берушілер де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Шет елге қашып кеткен шенеуніктерді жазалау үшін елге қайтару амалы да жүзеге асырылған. Естеріңізге салайық, 2013 жылдан бері Қытай билігіне Си Цзиньпин келгелі сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейді. Жыл сайын елде «Түлкі аулау», «Аспан торы» деген сияқты операциялар жүргізіліп келеді.