Қоғам

Өзбекстанда ақын Абайдың әнін орындаған қазақ жігіті әділқазыларды таң қалдырды (ВИДЕО)

видеодан скриншот

Өнер иесінің перформасын әділқазылар өте жоғары бағалады.

Дәстүрлі әнші Асқар Мұқият Өзбекстандағы "OVOZ The Voice" жобасына қатысып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Асқар өзінің Instagram желісіндегі парақшасында орындаған әнінің видеосын бөліскен. 

"Бұл жолы Абай Құнанбайұлының өлеңіне жазылған Сыдық Мұхаметжановтың "Жарық етпес қара көңілім не қылсада" әнін орындап едім. Өзімді өзім түсіне алмаймын өз орындауым өзіме ешқашан ұнаған емес… - деп жазды Асқар Мұқият.

 "OVOZ The Voice" атты халықаралық жобада Қазақстан атынан шыққан әншінің өнерін Өзбекстан Республикасының Халық әртісі Фаррух Закиров, мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбеков, танымал әнші Севара Назархан, Тохир Содиков сынды өнер иелері бағалады.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Асқар Мұқият / Әнші / Жүргізуші (@mukiyat_askar)