Қоғам

Мәдина Сәдуақасова тыңдарманына құны 2 миллион теңге болатын сақина сыйлады

Фото: uhd.name

Әнші Ақтөбе қаласының тұрғындары алдында өнер көрсеткен.

Бұл ақпаратты Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желідегі парақшасында растады, деп жазды turkystan.kz.

«Ақтөбе халқының ауызбіршілігі, мықтылығы мені таң қалдырады. Ақтөбеліктер өнерді қалай сүйеді, өнер адамдарын қалай қолдайды десеңіздерші...», - деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол өзінің құны 2 миллион теңге болатын сақинасын тыңдармандарының арасына қарай лақтырған.

«Сақинаны қағып алған қыз жас әнші болып шықты», - деп жазды Мәдина Садуақасова.