Жаңалықтар

Екібастұзда заңсыз балық аулағандар ұсталды

pavlodarnews.kz

15 сәуір - 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу-2024» іс-шарасы өткізіледі.

Екібастұзда заңсыз балық аулағандар ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, өңірде мамыр айының соңына дейін уылдырық шашуға байланысты балық аулауға тыйым салынған.

Облыстық полиция қызметкерлері Стела – Екібастұз автожолында ВАЗ-21214 маркалы автокөлікті тоқтатып, жүк салғышындағы жалпы салмағы 120 келі балықты тәркілеген. Сондай-ақ тағы бір жүргізуші УАЗ-3163 маркалы автокөлігінің жүк салу бөлігінде тиісті құжаттарсыз бір қап балық пен бес балық аулау торын тасымалдаған. 

«Балық аулау ережелерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін екі бұзушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Заңсыз балық аулау нәтижесінде келтірілген залал есептелуде», – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір - 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу-2024» іс-шарасы өткізіледі. Аталған кезеңде Екібастұз полицейлері балық аулау ережелерін бұзуға қатысты 13 фактінің жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жазаланды.