Қоғам

«17 жыл күткен мәһр»: Танымал актрисаның күйеуі жұбайына тосын сый жасады

Фото: instagram.com/dana_turarbek

Актриса бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

"Өнер қырандары" әзіл-ысқақ театрының актрисасы Дана Тұрарбекке күйеуі су жаңа көлік сыйлады, деп хабарлады turkystan.kz.

"17 жыл күткен мәһр! Асыл жарым тосын сый жасап, көлік сыйлады. Алғашқы тұлпарыммен құттықтап қойсаңыздар болады. Қалай болғанын сториста айтып беремін. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазған өнер иесі.