Қоғам

«Шараптың дәмін де бірге көрдік»: Ләйлә Сұлтанқызы сыныптастары жайлы жазба жариялады

коллаж: turkystan.kz

Биыл Ләйлә Сұлтанқызының мектеп бітіргеніне отыз жыл толды.

Танымал тележүргізуші оқырмандарына оқу жылының аяқталуы қарсаңында сыныптастары жайлы айтып берді, деп жазды turkystan.kz.

«Біз бірге өстік, есейдік, сабақтан қаштық, дұрыс жауапты бір-бірімізден көшірдік, қателестік, төбелестік, старшактарға ғашық болдық, шараптың дәмін де бірге көрдік. Ұлдар шашымыздан тартып, қыста бетпен қарға шомылдырған қайтып келмес кездер-ай… Қыздарға қып-қызыл помада да ортақ еді, алғашқы макияжымыз? Биыл — біздің 30 жылдық кездесу. Бәрі бір-бір үйдің отағасы, отанасы. Бізді байланыстыратын, жүректен еш өшпейтін балалық шағымыз. Бетімізге әжім түсіп, артық салмақ жиналса да, көңіліміз, мінезіміз баяғыдай? Адам өзгермейді екен ғой, о тоба?», - деп жазды ол.

Сондай-ақ тележүргізуші Шымкент қаласындағы №47 орта мектепте оқып жүрген жылдары өздеріне сабақ берген ұстаздарына алғыс білдірді.