Жаңалықтар

Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды

stopfake.kz

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылды, 4 зертхана 370 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе облысында табиғат қорғау прокуратурасы шараларымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша ветеринариялық зертхананың қызметі тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тексеру барысында ветеринариялық-санитариялық ережелер талаптарының көптеген бұзушылықтары, үй-жайларды желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізуге арналған жеке үй-жайлардың, сойылған жануарларды қарап-тексеру және ветеринариялық сараптаманы есепке алу журналдарының жоқтығы анықталды.

«Кейбір зертханаларда етті тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттер болмаған. Сонымен қатар, Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылды, 4 зертхана 370 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.