Жаңалықтар

Қар, бұршақ: 27 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

СС0 / Hans Braxmeier

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін

"Қазгидромет" 27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін.

ҚР басым бөлігінде түнде жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің солтүстік-шығысында да нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша желдің екпін алуы тән. Солтүстік өңірде бұршақ түседі, орталығымызда қатты жел тұрады, оңтүстік-шығыста түнгі уақытта тұман болады деп болжанады.