Қоғам

Жаңа босанған әйел палатадағы көршілерін алдап кеткен

Ашық дереккөз

Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы алаяқтық дерегіне қатысты екі адамнан арыз түскенін мәлімдеді

Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада палатадағы көршілерін алдап кетті, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы алаяқтық дерегіне қатысты екі адамнан арыз түскенін мәлімдеді. Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған, онда босанған әйелдердің бірі 5 миллион теңге көлемінде кепілсіз несие рәсімдеуге көмек ұсынған.

“Қызметі” үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картаға аударыпты. Алайда уәде етілген несиені де, берген ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды.

Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.