Елордалық жасөспірім жас қызды өлтірмек болған, қазір науқас ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
«26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қызды жеткізді», - деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ақпаратта айтылғандай, пациенттің іш қуысы жағына операция жасалған, қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.