Соңғы 24 сағатта штаттың кейбір бөліктерінде 20 см-ден астам жауын-шашын түскен, деп жазады turkystan.kz.
Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында нөсер жауын салдарынан кем дегенде 11 адам қаза болды. Бұл туралы жұма күні жергілікті билік өкілдері хабарлады.
"Жауын-шашын салдарынан қаза тапқан 11 адамның алтауы түрлі суға батып кету оқиғаларынан көз жұмған, екеуі су толтырылған карьерлерге құлады, екеуі найзағай соғып, біреуі қабырғаның опырылуынан қаза тапты", – деп мәлімдеген жергілікті шенеунік журналистерге.
Сонымен қатар билік өкілі өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және басқа да бөлімшелер кез келген оқиғаға сақадай сай екенін мәлімдеді.