Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығының деректерін көшірген Оралдың екі тұрғыны сотталды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды

Оралда екі тұрғын Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқан, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.ж. сәуірінде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айырылды.

Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды, оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырған.

Үкім заңды күшіне енді.