Қоғам

Атырау облысында тасқын болған аумақтардағы оқушылар емтиханнан босатылды

Sputnik / Алексей Мальгавко

Атырау облысы бойынша, 6376 оқушы аралық және қорытынды атестаттау тапсырмайды

Тасқын жағдайына байланысты, Оқу ағарту министрлігінің шешімімен, аралық және қорытынды атестаттаудан Махамбет ауданындағы барлық мектептер, Жылыой ауданындағы тасқыннан зардап шеккен № 5, 8, 19, 6 мектептердің 5-11 сынып оқушылары босатылып отыр, деп хабарлады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша, 6376 оқушы аралық және қорытынды атестаттау тапсырмайды. Олардың қатарында Жылыой ауданындағы № 5, 8, 19, 6 мектеп және Махамбет ауданындағы 16 мектептің білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Алайда 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. 9 сынып бітіргеннен кейін оқушылар арасында колледждерге оқуын жалғастыруға ниеттілер болса, шәкірттер колледждерде қабылдау емтихандарын тапсырады, - деді Атырау облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Дина Стамғали.