Жаңалықтар

Алматыда Түрік асханасының апталығы басталды

Бастама “Sıfır atık” яғни “ысырапсыз өмір” деген идеямен жүзеге асады

24 мамырда Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінде Түрік асханасының күндері аясында Еге аймағына арналған дегустация өтті. Шараға Алматы қаласының Түркиядағы бас консулы қатысты.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жары Емине ханымның бастамасымен 21-27 мамыр аралығында Түрік асханасының күндерін жыл сайын халықаралық деңгейде атап өту үрдіске айналған. Бастама “Sıfır atık” яғни “ысырапсыз өмір” деген идеямен жүзеге асады.

Біздің елдің асханасының әр аймақ, әр облысқа сай ерекшеліктері мен өзіндік қағидалары бар. Қазір Түркияның алдыңғы қатарлы мейрамханалары мен қонақ үйлерінде түрік асханасының күндеріне орай кең дастархан жайылып жатыр. Іс-шарамыздың бірінші күнінің Түркиядағыдан кем өтпеуіне ықпал етір отырған Чилен ханым мен Сехер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз, - деді Түркия Республикасының Алматыдағы бас Консулы Эврен Мүддерисоғлұ.

Қонақтарға ұсынылған тамақтардың барлығы Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжі студенттеріне академиялық ұтқырлық бойынша 2 ай бойы тәлім берген түркиялық аспаздардың қолынан шыққан.

Туризм саласындағы қызмет көрстеу сапасы жөнінен әлемдік алдыңғы қатарлы елдердің бірі – Түркия. Біздің студенттеріміз Анталияның қонақ үйлеріне тағылымдамадан өтіп жүр. Осы орайда, Алматы қаласындағы Түркия бас консулдығынан тіл мәселесі жөнінен көмек көрсетуін сұрадық. Студенттеріміз сәуірдің басынан бастап түрік асханасының қыр-сырын меңгеріп қоймай, бауырлас халықтың тілін де үйрену үстінде. Бүгінгі шара тағылымдамадан өткен студенттеріміз бен арнайы Түркиядан келген ұстаздарымыздың ортақ жемісі, - деді Алматы Сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры Ерұлан Қарағұлов.