Жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік болады – Қазгидромет

stan.kz

25 мамырға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 25 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты суық атмосфералық фронттар анықтайды, жауын-шашын, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте қатты жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-шығысында, шығысында және орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында ғана күн ашық, жылы болады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстікте және орталықта тұман күтіледі.

Түнде Қостанай облысында, Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1-6 градус үсік күтіледі.