Интерполдың көмегімен 3 жастағы бала Қазақстанға қайтарылды
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.