Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

24 мамыр, 2024 / Дана Ізтілеуова
olympic.kz
Қазақстандық зілтеміршілер әлем біріншілігіндегі алғашқы медальді иеленді.

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды. 

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 285 (129+156) келіні көтерген. 

Алтын медальді египеттік Хуссейн Хамуда Абделрахман (286 келі), қоланы молдовалық Александр Балжи (282 келі) иеленді. 

Тэгтер:

әлем чемпионаты зілтемірші аәлем чемпионаты