Жаңалықтар

Түркістан облысында бір сыныпта оқитын үш жұп егіз мектеп бітірді

gov.kz

4 қыз және 2 ұл бала үлкен өмір жолына қадам баспақ.

Түркістан облысы Келес ауданында 3 жұп егіз оқушы бір сыныптың түлектері атанып отыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Яғни, 4 қыз және 2 ұл бала үлкен өмір жолына қадам баспақ.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, олар Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының түлектері. Аталған білім ұясында биыл 100 оқушы мектеппен қоштасады.

Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді егіздерді сынып жетекшісі Ляззат Анарқұлқызы оқуда да озақ екенін айтты.

«Данабай Ақылбек «Алтын белгіге», Данабай Асылбек «Үздік аттестатқа» үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс жасауды мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих-құқық» сияқты пәндерді таңдауда»,-дейді мектеп мұғалімі.

Биыл Келес ауданынд 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр. Оның ішінде 89 оқушы «Алтын белгіге» және 144 оқушы «үздік аттестатқа» үміткер.