Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

adyrna.kz

Түнгі және таңертеңгі уақытта 3 градус аяз болады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде республика бойынша Солтүстік циклонның әсерінен жауын-шашынды болып, кей өңірлерде қар жауап, найзағай ойнап жел күшейеді.

«25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамырда орталығында, Оңтүстік-Шығысында, 26 мамырда шығыс, солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Скандинавия аудандарынан шыққан кең антициклонның әсерінен республиканың батысында ауа райы ашық болады», - делінген хабарламада.

25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта 3 градус аяз болады.