Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматы облысында полицейлерді балағаттаған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғар ауданының полицейлері өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Аудан орталығы қала маңындағы саяжайлардың біріне шу мен айқайға алаңдаған жергілікті тұрғындардың шақыруына учаскелік полиция инспекторы келген.
«Өз міндеттерін атқарып жатқанда құқық бұзушылар тәртіп сақшысын балағаттады. Куәгерлердің айтуынша, ер азаматтар өздерін агрессивті ұстап, құқық қорғау органдарының қызметкеріне дөрекі сөйлеген. Көмекке келген патрульдік экипаж күдіктілерді жедел ұстап алып, полиция бөлімшесіне жеткізді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.