Жаңалықтар

Ақтөбе облысында тергеу изоляторына есірткі алып кірмек болған күдікті ұсталды

polisia.kz

Жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай болды.

Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментінің қызметкерлер №70  мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында мекеме аумағына есірткі затын алып кірудің алды алынды, – деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат ерекше иісі бар, түйіршіктелген шәй арасына ұқыпты түрде жасырылған есірткі болып шықты. Қазірг аталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Жедел режим бөлімінің қызметкерлері бүгін тергеу изоляторына есірткі өткізу фактісінің алдын алды. Жыл басынан бері осындай бірнеше жағдай болды. Дегенмен, дер кезінде әрекет жасап, істің алдын алу – біздің басты қағидамыз. Іске қатысты шешім шығып, кінәлі азаматтар жазаға тартылатын болады, – деп атап өтті басшылар.