Алматы облысында ер адам тереңдігі 5 метр шұңқырға құлап кеткен
Құтқарушылар адамды шұңқырдан шығарды.
Алматы облысы Қарасай ауданы жеке меншік үй аумағында 32 жастағы ер адам тереңдігі 5 метрге жуық шұңқырға құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Көмекке Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары барған. Құтқарушылар зардап шегушіні арқан және зембілдің көмегімен алып шықты. Ер адам оқиға орнында болған жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.