Әзілкеш Қанат Тасхан қарындасының ұзату тойында құдаларына талап қойды
Қанат Тасхан ерекше тілек айтты.
Қарындасын ұзатқан «Миллион» командасының капитаны Қанат Тасхан құдаларға бірден талап қойды, деп жазды turkystan.kz.
«Қымбатты құдалар, құдағилар төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Айтар тілегіміздің соңғы түйіні тастай батып, судай сің. Одан басқа ештеңе айтпаймыз. Бірақ сол тастың батып кетуі теңізге де байланысты. Әр толқыны ашулы келіп, сол тасты ұра берсе, жағаға шығып қалады. Сондықтан құрметті құдалар қауымы – әдемі тасты теңіз түбінде жатқызар маржандай батырып алатын сіздер. Суды да сіңіріп алу топыраққа да байланысты. Ашығын айту керек, қадірлеңіздер», - деді Қанат Тасхан.