Астанада сот орындаушысы баланың алиментін жымқырған
Сот орындаушысы бір жыл бойы борышкердің ақшасын өз ұлының шотына аударған.
Нұра ауданының прокуратурасымен жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлады turkystan.kz.
«ЖСО бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Өндіріп алушы алимент берешегін өндіріп алу жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы ЖСО-ға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған.
Жеке сот орындаушысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс сотқа жолданды.