Жетісу облысында жалған шот-фактура жазумен айналысқан тұрғын ұсталды

23 мамыр, 2024 / Меруерт Сағымхан
inform.kz
285 млн теңгеден астам сомаға келтірілген шығын толығымен өтелді.

Жетісу облысының тұрғыны мүліктік пайда алу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл деректі Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады. Тергеу барысында аталған азамат басқа ЖШС-нің атына өзі бақылайтын ЖШС атынан мүліктік пайданы өндіру мақсатында шот-фактураларды беру әрекетін ұйымдастырып, нәтижесінде аса ірі көлемде залал келтіргені анықталды.

«Тергеу барысында 285 млн теңгеден астам сомаға келтірілген шығын толығымен өтелді. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Жетісу облысы Қаржылық мониторинг шот-фактура