Жаһан

Тосын шешім: Ұлыбритания Премьер-Министрі сайлау өтетінін мәлімдеді

сурет: UK Pool, via Reuters

Мәлімдеме елдегі инфляцияның 2,3%-ға дейін күрт төмендегенін көрсеткен күні жасалды.

Ұлыбритания Премьер-Министрі Риши Сунак 4 шілдеде жалпы сайлау өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы euronews.com хабарлады. 

Премьер-Министр Риши Сунак 4 шілдеде Даунинг-Стритте сөйлеген сөзінде Ұлыбританияда жалпы сайлау өтетінін жариялады. Бұл – тосын шешім болды.

Сунак өз сөзінде Ұлыбритания экономикасы мен өз үкіметінің елді басқару қабілеті туралы айтты.

Мәлімдеме елдегі инфляцияның 2,3%-ға дейін күрт төмендегенін көрсеткен күні жасалды, бұл – үш жылға жуық уақыт ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. 

Сунак экономикалық тұрақтылық кез келген жақсылықтың негізі екенін баса айтты. Ол Британиядағы қоғам өкілдері үшін "бәрі оңай емес" екенін мойындады, бірақ нақты жоспар бар екенін де жеткізді.

.