Шымкентте көлік өртенді

23 мамыр, 2024 / Меруерт Сағымхан
esquire.kz
Көліктің жүріс бөлігінде өрт шыққан.

Шымкентте жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 22 мамырда түнгі уақытта болған.

Төтеншеліктердің мәліметінше, көліктің жүріс бөлігінде өрт шыққан. 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, қызыл жалынды сөндіріп үлгерген. 

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Тэгтер:

көлік өрт