Жаңалықтар

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай белгілі болды

Сурет: https://ortcom.kz

Атырау облысынан өзге Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 581 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1005 см дейін жеткен. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

 

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 94%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 86,9%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69,9%-ға толы. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,3%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.