Жаңалықтар

Алаяқтық жасаған күдікті Әзірбайжаннан экстрадицияланды

gov.kz

Қазіргі таңда күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзірбайжаннан жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

«Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынған, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті Астана қ. тергеу изоляторына қамалды. 

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.