Жаңалықтар

Шымкентте криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқан тұрғын сотталды

ulysmedia.kz

Азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шымкент қаласының тумасы криптовалюта айырбастаумен заңсыз айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырғаны үшін азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сот талқылауы барысында азамат «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды. 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан», - делінген хабарламада.