Жаңалықтар

Астанада 44 жастағы азамат тауық еті мен әйелдің сөмкесін ұрлап кеткен

meat-expert.ru

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ жедел уәкілдері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы астаналық азаматты анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Тергеу барысында белгілі болғаны ер адам кешкі уақытта Бейбітшілік көшесіндегі дүкенге келген. Азамат дүкенде орналасқан сыра сататын бардың иесі шығып кеткенін байқап, құлпын бұзып ішке кірген.

«Бардан ол әйелдер сөмкесін алып шығып, оқиға орнынан ізін суытқан. Осылайша 40 мың теңге материалдық шығын келтірген. Сондай-ақ ер адам қаланың оң жақ жағалауындағы базардан бір қорап тауық етін жымқырғаны белгілі болды. Ол қоймаға тауар келіп жатқан сәтте, іс-әрекетін ешкім байқамай тұрғанына көз жеткізіп, қорапты алып кеткен», - делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.