Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Вьетнам Президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.
«Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын», – деп жазылған жеделхатта.