Қоқыс төгуге болмайтын жерлерді ластағандарға жаза күшейеді
«Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша жаза екі есе күшейеді.
Қоқыс төгуге болмайтын жерлерді ластағандарға салынатын айыппұл артады. Бұл туралы Мәжілістің ресми телеграм-каналында хабарланды.
Енді 434-бабтың кей бөліктерінде «Ұсақ бұзақылық» ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерді бүлдіргені үшін 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 20 тәулікке (бұрын 15 тәулікке) дейін әкімшілік қамауға алу қаупі бар, - деп жазылған хабарламада.
Бір жыл ішінде осындай заң бұзуды қайталағандарға 20 (бұрын 15 тәулік) 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу қарастырылып отыр. 434-2 «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша жаза екі есе күшейеді. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) айыппұл көлемінде, ал бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағаны үшін 20 АЕК (бұрын 10 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.