Жаңалықтар

Бұрынғы министр Марат Бекетаев тағы бір ай қамауда отырады

ашық дереккөз

Экс-министрді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

«2024 жылғы 15 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 21 маусымға дейін ұзартуды санкциялады», - делінген елорда сотының хабарламасында.