«5 жастағы баланы аман алып қалды»: Астанада мектеп оқушысы ерлік жасады (ВИДЕО)
Елордалық оқушы 5 жастағы баланы құтқарып қалды.
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7”Д”сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлады turkystan.kz.
20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабаттың балконында салбырап тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда салбырап тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.
"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - деп жазылған Астана қаласы әкімдігі таратқан хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram