Жаңалықтар

Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

ТЖМ баспасөз қызметі

Бір қабатты жекеменшік балабақша шатыры өртенді.

Түркістан облысындағы балабақшалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Сайрам ауданында 70 шаршы метр алаңда бір қабатты жекеменшік балабақша шатыры жанды.  

«Жөндеу жұмыстарын жүргізген жеті жұмысшы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сөндірушілердің күшімен қызыл жалын сөндірілді, шығу себебі анықталуда.