Жаңаөзенде балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырған
Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.
Жаңаөзен прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижесімен қаладағы екі мемлекеттік балабақшаның есепшісімен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.
«Аталған факті бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024ж. үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.